АҚШ коалициясы Ирактағы Басмайе базасынан шықты
(last modified Sat, 25 Jul 2020 12:19:14 GMT )
Шіл 25, 2020 18:19 Asia/Almaty
  • АҚШ коалициясы Ирактағы Басмайе базасынан шықты

АҚШ басқарған «ДАИШ-пен күресу» үшін құрылған коалициясы Бағдадтың оңтүстігіндегі әскери базасын ирактық күштерге тапсырғанын жариялады.

 

АҚШ Басқарған коалиция қолбасшысының орынбасары Джебралд Стрикленд бүгін, сенбі күні бұл базаның тапсырылуы туралы: «Әскери базаның ирактық күштерге тапсырылуы ДАИШ-ке қарсы күресуші Ирак қауіпсіздік күштерінің келісімімен өтті»,- деді. Бұл әрекет Ирактың қауіпсіздік ақпарат орталығы жұма күні түнде Басмайе базасына төрт зымыранның атылғаны туралы хабарлаған жағдайда орын алды.

Бағдадтың оңтүстігінде 60 км жерде орналасқан Басмайе базасы ағымдағы жылы АҚШ басқарған коалиция күштерінің шыққан жетінші әскери базасы болып табылады.

 

Тегтер