Сионистер бір жағынан арандатуға күш салып, екінші жағынан өз рөлін теріске шығаруда
Шіл 26, 2020 17:43 Asia/Almaty
Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні кешке Иранның 1-ші арнасына берген сұхбатында сионистердің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бірқатар ауданды Израильге қосып алуды жоспарлап отырғанына тоқталып: «Сионистер өткен апталарда осы жобаны орындауға көп күш салды, бірақ әлемдік реакциялар мен алаңдаушылықтар кедергі жасады»,-деді.
Амир Абдуллахиан, сондай-ақ, сионистердің Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағына сес көрсету оқиғасына реакциясына тоқталып: «Сионистер бір жағынан арандатуға күш салып, екінші жағынан өз рөлін теріске шығаруда»,-деді.
Амир Абдуллахиан: «Сионистік режим ИИР-ға сес көрсететін жағдайда емес»,-деп қуаттады.
Тегтер