Иран Сауд Арабиясының қастандықтарына қарсы
https://itolqyn.com/news/west_asia-i4768
Түркиядағы ИИР-ның делегациясы Сауд Арабиясының Стамбұлда ислам елдері Сыртқы істер министрлерінің отырысындағы бүлдіргі талпыныстарына кесімді түрде қарсылық білдіріп, мұндай қатынастың салдарлары жөнінде ескерту жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 14, 2016 14:32 Asia/Almaty
  • Иран Сауд Арабиясының қастандықтарына қарсы

Түркиядағы ИИР-ның делегациясы Сауд Арабиясының Стамбұлда ислам елдері Сыртқы істер министрлерінің отырысындағы бүлдіргі талпыныстарына кесімді түрде қарсылық білдіріп, мұндай қатынастың салдарлары жөнінде ескерту жасады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейсенбі күні Стамбұлда өткен Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысында ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитында жарияланатын мәлімдеменің жобасында Сауд Арабиясы тарапынан ұсынылған Иранға қарсы төрт баптан, Ливан Хезболласына қарсы бір баптан тұратын жобаға реакция білдіріп, бұл шараны исламдық бірлікке қарсы, сионистік режимнің мүддесіне орай жасалған әрекет деп атап, мұндай қатынастың салдарлары жөнінде ескерту жасады.

Зариф осы отырыста сөйлеген сөзінде Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары саммитының ислам әлемінің бірлігін нығайту мақсатын көздеуі қажеттігін қуаттап: «Елдер арасындағы қиындықтар мен қайшылықтар екіжақты келіссөздер арқылы шешілуі тиіс. Екіжақты мәселені көпжақты отырыстарда талқылауға болмайды»,-деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының Иранда осы елдің елшілігі мен консулдығына жасалған шабуылды теріс мақсатта пайдаланып, саудиялықтарды арандату үшін сылтау іздеп жатқанына, Иранның бұл шабуылдарын айыптап, осы оқиға қатысушылардың қатаң түрде жазалануын көздейтіндігіне тоқталып: «Ұйымға мүше кейбір елдердің Иранға қарсы бүлдіргі шараларына қарамастан, Теһран әрдайым көршілес ислам елдерімен қарым-қатынасты жақсартуды басты бағыт ретінде ұстанып келеді»,-деп баса айтты.