Хамас қарсыласу қозғалысын қарусыздандыру үшін ұсынылған 15 млрд долларды қабылдамады
(last modified Tue, 28 Jul 2020 13:54:18 GMT )
Шіл 28, 2020 19:54 Asia/Almaty
  • Хамас қарсыласу қозғалысын қарусыздандыру үшін ұсынылған 15 млрд долларды қабылдамады

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы екі ай бұрын «Ғасыр мәмілесі» жобасы аясында қарсыласу қозғалысын қарусыздандыру үшін 15 млрд доллар көлеміндегі қаржылай ұсынысты қабылдамағанын мәлімдеді.

Исмаил Хания «Люсиль» сайтына берген сұхбатында: «АҚШ осы соманың есесіне Палестина қарсыласу қозғалысын қарусыздандыру және оны Газа секторының полициясына қосу, қарсыласудың барлық түрін тоқтату және палестиналықтардың Құдстан бас тартуын сұрады»,-деді.

Исмаил Хания: «Хамас Ғасыр мәмілесін де, осы салаға қатысты қандай да бір жоба мен ұсынысты да қабылдамайды»,-деді.