Зариф Ливанға іссапармен барды
(last modified Sat, 15 Aug 2020 14:07:37 GMT )
Там 15, 2020 20:07 Asia/Almaty
  • Зариф Ливанға іссапармен барды

Иран Сыртқы істер министрі Ливан Президентімен кездесуінде елдің барлық саяси тараптарының әріптестігі мен біртұтастығының арқасында Ливанның саяси кеңістігінде тұрақты жағдай қалыптасатынына үміт білдірді.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Мишель Аунмен кездесуінде Иран Президенті мен халқының атынан Ливан Президенті мен халқына көңіл айтып: «Ливанның 33 күндік соғыстағы жеңісі – осы ел халқының қиындықтарды жеңіп, қазіргі жағдайдан да сәтті шығатынының белгісі»,-деді.

Зариф: «Иран Ливанға көмек беруді жалғастыруға дайын»,-деді.

Ливан Президенті Мишель Аун да осы кездесуде Иран Президентінің Бейрут жарылысына байланысты көңіл айтқанына ризалық білдірді.

Ливанға іссапармен барған Зариф бұдан бұрын осы елдің Парламент төрағасы Набих Берри, Сыртқы істер министрі  Шарбель Вахби және Ливан ісін ілгерілетуші үкіметтің Премьер-министрі Хассан Диабпен кездесіп, сұхбаттасты.