Ливанның бұрынғы Премьер-министрі Рафиқ әл-Харириге қатысты сот отырысында Хизбуллаға тағылған айыптар теріске шығарылды
(last modified Wed, 19 Aug 2020 12:44:19 GMT )
Там 19, 2020 18:44 Asia/Almaty
  • Ливанның бұрынғы Премьер-министрі Рафиқ әл-Харириге қатысты сот отырысында Хизбуллаға тағылған айыптар теріске шығарылды

Ливанның бұрынғы Премьер-министрі Рафиқ әл-Харириге жасалған террорға қатысты істі қарастырған халықаралық сот 11 жылдан кейін өз үкімін шығарып, Сирия мен Ливан Хизбулласының осы террорға қатыстылығын теріске шығарды.

2005 жылы 14 ақпанда Рафиқ әл-Харириге террор жасалды. Ливанның бұрынғы Премьер-министрі жанындағы 21 адаммен бірге осы қастандықта қаза тапты. Ливан Хизбулласының ішкі-сыртқы қарсыластары Сирия мен Хизбулланы осы террорға қатысы бар деп айыптап жатқан шақта Хизбулла да, Сирия да бұл қылмысқа қатысы жоқ екендерін сан рет мәлімдеді.

БҰҰ бірінші рет Нидерландының Гаага қаласындағы халықаралық сотта осы лаңкестік әрекетті тексеруге комиссия құрды. Рафиқ әл-Харириге террорды қарастыратын халықаралық сот комиссиясы 2009 жылы құрылды. Сондықтан осы соттың 18 тамызда шығарған үкімі 11 жылдық тексеріс пен зерттеуден кейін орын алып отыр. Жұмыс істеу қалыбы тұрғысынан бұл сот Рафиқ әл-Харириге жасалған террорға дейінгі телефон сұхбаттары мен 297 куәгердің сөзін тыңдап, 2600 беттік іс дайындап, өз жұмысын атқарды. Мұның барлығы істің басталғанынан үкімнің шығарылғанына дейінгі аралықта атқарылған шараларды көрсетеді.

Сот нәтижесі екі тұрғыдан маңызды.

Маңыздылығының бірінші дәлелі: әу бастағы негізсіз уәждер мен айыптауларға қарамастан, соттың 11 жылдық зерттеуі Хизбулла сөзінің шын екенін растады. Сот үкімі Хизбулла ұйымын ғана емес, оның 4 мүшесін де осы қылмысқа қатыстылықтан ақтап шықты. Мұнымен қоса,  Рафиқ әл-Харириге жасалған террорға қатысты халықаралық соттың төрағасы Дэвид Рей: «Сейіт Хасан Насролла мен Рафиқ әл-Харири бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болған»,-деп мәлімдеді. Бұл соттың тіпті жеке қатынасқа да көңіл бөлгенін көрсетеді.

Сот үкімі маңыздылығының екінші дәлелі – Сирияның осы қылмысқа қатыстылықтан ақталуы. Бұл жайт үкімде анық жарияланған. Ал осы жағдайда Ливандағы және аймақтағы батысшылдар Рафиқ әл-Харириге жасалған террорға қатысты Сирияға көп қысым жасады. Осы қысым салдарынан Сирия 14 мыңға жуық әскериін Ливаннан шығарды. Аталмыш үкімге сәйкес, Сирия Парламентінің өкілі Ахмад әл-Казбари: «Ливан саясаткерлері жалған айыптар таққаны үшін Сирия үкіметі мен халқынан кешірім сұрауы керек»,-деді.

Бұл үкімде анықталмаған екі мәселе бар. Олардың егжей-тегжейі әрі зерттелуі тиіс.

Бірінші мәселе: Халықаралық соттың төрағасы Дэвид Рей Рафиқ әл-Харириге жасалған террорды саяси мақсатты көздеген лаңкестік әрекет деп тура мәлімдеді. Бірақ кімдер, қандай топтар немесе қандай сыртқы ойыншылар Рафиқ әл-Харириге жасалған террор арқылы Ливанда және тіпті Батыс Азия аймағында қандай саяси мақсаттарды көздегені мәлім емес. Рафиқ әл-Харири 1992-1998 жылдар және 2000-2004 жылдар аралығында 10 жыл Ливанның Премьер-министрі болды.

Екінші маңызды мәселе: неге сот осы істі қарастыруда тек Ливан Хизбулласының мүшелеріне қарсы айыптауларды талқылады, бірақ Хизбулланың осы террорға қатысты сионистік режимнің ықтималды рөлін қарастыру өтінішін орындамады? Ливан Хизбулласы осы іске қатысты өзіне таңылған айыптауларды теріске шығарумен бірге, сионистік режимнің қатыстылығын дәлелдейтін айғақтарды келтірді, бірақ бұл дәлел-айғақтар ешқашан сотта қарастырылмады.

Тегтер