Ресей Сыртқы істер министрі Сирияға жұмыс сапарымен барды
Қыр 07, 2020 20:04 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні Дамаск қаласына барып, Сирия Президенті Башар Асадпен кездесті.
Сирия Президенті Башар Асад Сергей Лавров бастаған ресейлік делегациямен кездесуінде: «Сирия үшін Ресей инвестициясының сәтті болуы аса маңызды»,-деді. Лавров осы сапарда Сирияның басқа да жауапты тұлғаларымен кездесіп, лаңкестікпен күресу, Конституциялық комитет жұмысының нәтижелері және Ефрат өзенінің шығыс аудандарындағы жағдай туралы сұхбаттасып, кеңесті. Бұл – Лавровтың Сирияға тоғыз жылдан бергі алғашқы сапары.
Тегтер