Йемен Абха әуежайына ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасады
Қыр 18, 2020 19:42 Asia/Almaty
«Самад-3» ұшқышсыз ұшағы Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Абха халықаралық әуежайында орналасқан маңызды әскери базаны нысанаға алды.
Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі: «Бұл шабуыл саудиялық басқыншылардың Йемен халқына шабуылдауы мен қоршауының жалғасуына жауап ретінде жасалды»,-деп мәлімдеді.
Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары өткен бірнеше сағат ішінде Йеменнің Маараб облысының Рахба ауданын 20 реттен аса бомбалады.
Тегтер