Сәу 15, 2016 15:58 Asia/Almaty
  • Аракчи: Иран мен Сауд Арабиясының басшылары Түркияда кездескен жоқ

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істері жөніндегі орынбасары кейбір ақпарат құралдарының Иран мен Сауд Арабиясы басшыларының кездесуі туралы уәждерін теріске шығарды.

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істері жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи бейсенбі күні: «Стамбұлда Иран Президенті мен саудиялық басшылар кездескен жоқ және кездесу үшін дайындық та жүргізілген жоқ»,- деп мәлімдеді.

Иран Президенті әкімшілігінің қарым-қатынас және ақпарат істері бойынша орынбасары Парвиз Исмаили да Иран Президенті Хасан Руханидің Сауд Арабиясының патшасымен кездесуі туралы уәждерді теріске шығарып, мұндай қауесеттерді жариялауды ақпарат құралдарының құндылықтарына қайшы деп атады.

Түрік тіліндегі CNN арнасы бейсенбі күні: «ИИР Президенті Стамбұлда Ислам Ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Сауд Арабиясының басшысы және оның қасындағы делегациямен кездесті» деген хабар таратқан болатын.

Тегтер