Иран Президенті: Ирандықтар елді дамытып, көркейту ісіне үлестерін қосулары керек
(last modified Fri, 15 Apr 2016 10:32:59 GMT )
Сәу 15, 2016 16:32 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Ирандықтар елді дамытып, көркейту ісіне  үлестерін қосулары керек

Иран Президенті шетелдерде өмір сүретін ирандықтарды Ислам республикасының елшілері деп сипаттап: «Шетелдерде өмір сүретін отандастарымыз Иранның әлемнің басқа елдерімен қарым-қатаныстарын дамытуда маңызды рөл атқара алады»,- деді.

Иран Президенті Хасан Рухани бейсенбі күні кешкісін Стамбулда Түркияда өмір сүретін ирандықтармен кездесуінде: «Иран мен «алтылық» тобының келісімі ұлттық мүддені жақсы бекітті. Біз жылдар бойы халықаралық ұйымдар мен алпауыт елдер тарапынан салынған санкцияны жеңіп, өзі құқығымызға қол жеткізе алдық. ИИР әрқашан барлық елдердің, әсіресе Таяу Шығыс пен өзімен шекаралас елдердің тұрақтылығын, тыныштығы мен бейбітшілігін талап етті. Бүгінде Иран аймақтың тұрақты және қауіпсіз елі. Иранда инвестиция салуға лайықты жағдай бар. Біз соны ең жақсы түрде пайдалана аламыз. Иран мен Түркияның қарым-қатынастарын дамыту екі ел мен аймақтың басқа мемлекеттерінің мүддесіне сайболады»,- деп баса айтты.

Иран Президенті Исламдық Ынтымақтастық ұйымының Стамбұлдағы саммитіне қатысу үшін саяси делегацияны басқарып, Түркияға сапармен барған болатын.