Қыркүйек айында 300-ден аса палестиналық қамауға алынды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i48512
Израиль әскерилері қыркүйек айында 300-ден аса палестиналықты қамауға алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 04, 2020 20:18 Asia/Almaty
  • Қыркүйек айында 300-ден аса палестиналық қамауға алынды

Израиль әскерилері қыркүйек айында 300-ден аса палестиналықты қамауға алды.

Израиль режимінің әскерилері қыркүйек айында Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауының түрлі аудандарында 339 палестиналықты қамауға алды. Олардың арасында 4 әйел мен 8 бала бар.

Ұсталғандардың ең көбі – Әл-Халил облысында 87 адам, Құдс қаласында 85 адам.  

Сондай-ақ, Хамас қозғалысының баспасөз қызметі қыркүйек айында 2 палестиналықтың Израиль әскерилерінің оғынан қаза тауып, 66 адамның жараланғанын хабарлады.