Кипрде жүздеген адам Түркияға қарсы шеру өткізді
(last modified Fri, 09 Oct 2020 09:43:03 GMT )
Қаз 09, 2020 15:43 Asia/Almaty

Кипрдің оңтүстігіндегі Дериния қаласының жүздеген тұрғыны Түркияның осы аралды басып алғанынан 46 жыл өткеннен кейін Анкара үкіметінің бір жағалаулық қаланы ашу туралы шешіміне наразылық білдіріп, шеру өткізді.

Кипрдың Фамагуста ауданының оңтүстігіндегі наразылар «Түркия Фамагустаға иелік етпеуі тиіс», «Біз БҰҰ‑ның осы аудандарға қатысты қарарларының орындалуын талап етеміз» және «Ердоған, Фамагустадан қолыңды тарт!» деген сөйлемдер жазылған плакаттар алып шықты.