Йемен халқы басқыншы Сауд режиміне қарсы шеру өткізді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i4876
Мыңдаған йемендік Сауд Арабиясының атысты тоқтату бітімін бұзып, Йеменнің әртүрлі аймақтарына басқыншылық жасағанына наразылық ретінде шеру өткізді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 16, 2016 13:30 Asia/Almaty
  • Йемен халқы басқыншы Сауд режиміне қарсы шеру өткізді

Мыңдаған йемендік Сауд Арабиясының атысты тоқтату бітімін бұзып, Йеменнің әртүрлі аймақтарына басқыншылық жасағанына наразылық ретінде шеру өткізді.

Al-Masirah телеарнасының хабарлауы бойынша, жұма күні мыңдаған йемендік Йеменнің Жоғары революциялық комитетінің шақыруына жауап ретінде Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йеменге басқыншылығын жалғастырып, оны қоршауға алуына наразылық ретінде Йеменнің астанасы Санада ауқымды шерулер өткізді.

Шерушілер «Әлемдегі азаттықты сүюшілердің міндеті – саудиялық режимнің Йеменге басқыншылығы мен қоршауға алуын тоқтату» деген ұранмен көшелерге шығып, әлемдік қауымдастық пен БҰҰ-ның Сауд әулетінің Йеменге басқыншылығына қарсы үнсіздік танытуын айыптады.

Йеменнің Жоғары революциялық комитеті де мәлімдеме жариялап: «Әлемдік үнсіздік аясында Сауд режимінің Йемен халқына шабуылы мен осы елді қоршауға алуының жалғасуы әлем халықтары мен азаттық сүюшілердің ақлақтық жауапкершілігіне сын болып отыр»,-деп қуаттады.

Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йеменге басқыншылығы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы тарапынан 14 млн-нан астам йемендік азаматтың елінің саудиялық коалиция тарапынан қоршауда қалуына байланысты жеткілікті азық-түлікке ие болмай отырғаны жарияланған жағдайда жалғасып жатыр.