Саудиялық басқыншы коалицияның қолбасшылары отырысына зымырандық шабуыл жасалды
Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің зымырандық бөлімшесі Саудиялық басқыншы коалиция қолбасшыларының Маарабта өткен жиналысына зымырандық шабуыл жасады.
Йемен ақпарат көздерінің хабарлауынша, баллистикалық зымыранмен жасалған шабуылда Сауд Арабиясының қолдауына ие болып отырған Абд-Раббу Мансур Хадидің отставкаға кеткен үкіметі мен басқыншы коалицияның жоғары лауазымды қолбасшыларының Маараб облысындағы жиналысы нысанаға алынды. Осы жиналысқа қатысқан адамдардың барлығы қаза тапты немесе жараланды.
Йеменнің кейбір әскери ақпарат көздері Абд-Раббу Мансур Хадидің отставкаға кеткен үкіметінің Қорғаныс министрі Махмуд әл-Макдуши мен осы үкімет армиясының ортақ штабы басшысы Сағир бен Абдулазиздің қаза тапқанын хабарлады.