Ирак халқы мен түрлі топтарының сардар Солейманиді еске алуға дайындалуының жолдаулары
Ирак халқы мен түрлі топтары Сақшылар корпусына қарасты «Құдс» күштерінің қолбасшысы сардар Солеймани мен «Хашд әш-Шааби» күштері басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандестің шәһид болғанының жылдығын еске алуға дайын.
АҚШ-тың лаңкес үкіметі 2020 жылы 3 қаңтар күні таңертең қылмыс жасап, Бағдад әуежайына жақын маңда Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты «Құдс» күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солеймани, «Хашд әш-Шааби» күштері басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандес пен бірқатар серіктерін шәһид етті. Қазіргі таңда сардар Солеймани мен Абу Махди әл-Мухандестің шәһид болғанының жылдығы арсаңында Ирак халқы мен түрлі топтары әралуан рәсімдер өткізу арқылы қарсыласу қозғалысының осы екі қолбасшысын еске алып, арнайы ауқымды бағдарлама дайындауда.
Маңызды сауал мынада: Ирак халқы мен түрлі топтарының сардар Қасым Солейманиді еске алу бағдарламаларының қандай жолдауы болмақ?
Еске алу бағдарламаларының ең маңызды жолдауларының бірі – Ирак халқы мен топтарының сардар Қасым Солеймани мен Абу Махди әл-Мухандестің жалпы қарсыласу қозғалысы үшін және жеке Ирак үшін атқарған қызметтерін түсінгені және оған шын жүректен сенгені.
Тағы бір маңызды жолдауы – Ирак қоғамы мен топтардың басым бөлігінің елдегі және аймақтағы қарсыласу бағыты мен бағдарын қолдауы. Ирак халқының шәһид Солейманиді еске алуы олардың қарсыласу қозғалысының жалғасуын қалайтынын білдіреді. Қарсыласу қозғалысы қолбасшыларының шәһид болуы осы белсендіктің тоқтауына себеп болмағаны былай тұрсын, оның жалғаса түсуіне талаптарды күшейтті.
Ирак халқының шәһид Солеймани мен Абу Махди әл-Мухандесті еске алуға дайындалуының тағы бір жолдауы – Ирак халқы мен түрлі топтарының бұрынғыдай АҚШ әскерилерінің елден шығуын талап етуі. АҚШ ирактықтардың қонағы болған шәһид Солеймени мен Ирак қарсыласу қозғалысы қолбасшыларының бірі Абу Махди әл-Мухандеске қастандық жасау арқылы осы елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұқты. Ирак Парламенті 2020 жылы 5 қаңтарда америкалық әскерилердің елден шығуы туралы заң жобасын бекітті, алайда ел үкіметі түрлі себептермен бұл заң жобасын орындамады.