ХАМАС сионистік режимнің бір оңалту орталығы мен ауруханаға шабуыл жасағанына реакция білдірді
(last modified Sat, 26 Dec 2020 09:24:14 GMT )
Жел 26, 2020 15:24 Asia/Almaty

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары бүгін, сенбі күні таңертең Газа секторының аймақтарының біріне шабуыл жасап, бұл жердегі балалар ауруханасы мен оңалту орталығының бірін нысанаға алды. Шабуылдың салдарынан екі әскери емес адам, олардың ішінде бір бала жарақат алды.

 

Safa ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС баспасөз хатшысы Хазем Қасем сенбі күні сионистік режимнің шабуылына реакция білдіріп: «Басқыншы сионистік режимнің әскері Газа секторына қарсы үрейлі шабуыл жасады. Бірақ бұл қылмыс Палестина халқының ерікжігеріне нұқсан келтіре алмайды. Олар өз құқыларына жету жолын жалғастырады»,- деді.