Анкарада Руханиді ресми түрде қарсы алу рәсімі өтті
Түркия президенті ИИР президентін ресми түрде қарсы алды.
Иран Ислам Республикасы мен Түркияның әнұраны шырқалған соң Иран мен Түркия президенттері Хасан Рухани мен Режеп Тайып Ердоған парадта сап түзеген бөлімшенің алдынан жүріп өтті. Содан соң қастарындағы жоғары мәртебелі делегаттарын таныстырды.
Иран мен Түркия президенттерінің кездесу өткізуі және екі елдің жоғары мәртебелі делегацияларының отырысына қатысып, ынтымақтастық құжаттарына қол қою Иран президентінің Түркияға ресми сапарының бағдарламаларына жатады.
Қос жақты сұхбаттасулардан кейін Иран мен Түркияның ынтымақтастық жоғары кеңесінің отырысы Ердоған және Руханидің төрағалығымен екі елдің үкімет мүшелерінің қатысуымен өтеді.
Бүгінгі келіссөздердің соңында Иран мен Түркия арасында саяси, экономикалық, мәдени және сот саласында 8 ынтымақтастық құжатына қол қойылады.