Раиси: Иран мен Ирак халықтарының қарым-қатынасы үзілмейді
Ақп 12, 2021 21:31 Asia/Almaty
Иран Жоғары сот төрағасы Иран мен Ирак халықтары қарым-қатынасының үзілмейтінін айтты.
Сейіт Ибраһим Раиси бейсенбі күні Бағдадта Ирак халқымен кездесуінде: «Иран халқы Ирак халқын Арбағин – имам Хұсейн қырқындағы қонақжайлылығымен таниды»,-деді.
Раиси екі ел қарым-қатынасының тереңнен тамыр алатынын айтып: «Ирактағы діни үлгілер әрдайым отаршылдық, үстемшілдік және лаңкестікпен күресте көш бастап келді»,-деді.
Тегтер