Эр-Рияд өзінің мұнай нысандарына шабуыл жасалғанын растады
Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі Турки әл-Малеки жексенбі күні Йемен Қарулы күштерінің Aramco мұнай компаниясының нысандарына және әлемнің ең ірі мұнай айлағы Рас-ат-Тануреге шабуыл жасағанын растап: "Рас-ат-Тануре резервуарларына шабуыл жасау әлемнің мұнай көздері қауіпсіздігін нысанаға алып отыр",-деді.
Йемен Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі Яхия Сари 14 ұшқышсыз ұшақ және 8 зымыранмен Сауд Арабиясының Асир мен Джизан облыстарындағы әскери базалар мен маңызды әскери позициялар және Рас-ат-Тануре айлағындағы Aramco компаниясы нысанаға алынғанын айтып: "Бұл шабуыл Aramco компаниясына бағытталған",-деді.
Язия Сари Асир мен Джизан облыстарындағы бірнеше әскери базаға 4 ұшқышсыз ұшақ пен 7 "Бәдр" зымыраны атылғанын айтты.