Иракта АҚШ коалициясы көліктерінің жолында жарылыс болды
(last modified Sat, 13 Mar 2021 13:56:26 GMT )
Нау 13, 2021 19:56 Asia/Almaty
  • Иракта АҚШ коалициясы көліктерінің жолында  жарылыс болды

Ирак дереккөздері елдің оңтүстігінде АҚШ-тың оккупациялық күштерін қолдайтын көліктер колоннасы жолында жарылыс болғанын хабарлады.

 

Ирак БАҚ сенбі күні Ирактың оңтүстігіндегі Дивания облысында АҚШ коалициясы керуенінің жолында бомбаның жарылғанын хабарлады. Жарылыста адам шығыны  болмады және бір жүк көлігіне жеңіл зиян келтірді. Жарылыстың жауапкершілігін «Асхаб әл-Каһф» тобы өз мойнына алды. Өткен аптада Мусанна мен Дивания облыстарында АҚШ-тың қолдау жабдықтары тиелген екі керуен жол бойына қойылған бомбалардың нысанасына алынды. Ирак халқы мен топтары америкалық террористік күштердің Ирактан шыққанын қалайды және Ирак парламенті бұл күштерді шығару жоспарын мақұлдады.

 

Тегтер