Сирия Израильмен жасырын келіссөз жүргізгені туралы ақпараттың негізсіз екенін айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i51088-Сирия_Израильмен_жасырын_келіссөз_жүргізгені_туралы_ақпараттың_негізсіз_екенін_айтты
Сирияның ресми ақпарат көздері сенбі күні кешке Дамаск пен Тель-Авив келіссөздері туралы кейбір ақпараттардың негізсіз екенін, тек бос қауесет екенін айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 14, 2021 18:29 Asia/Almaty
  • Сирия Израильмен жасырын келіссөз жүргізгені туралы ақпараттың негізсіз екенін айтты

Сирияның ресми ақпарат көздері сенбі күні кешке Дамаск пен Тель-Авив келіссөздері туралы кейбір ақпараттардың негізсіз екенін, тек бос қауесет екенін айтты.

Бір сириялық ақпарат көзі: «Сирияның Израильмен келіссөзге қатысты ұстанымы әрдайым айқын. Дамаск ешқашан Израильмен келіссөз мәселесінде жасырын әрекетке бармайды»,-деді.

Бір сириялық басшы: «Жуырда «Rusiya al-Yaum» телеарнасында таралған раввин Иди Эбадидің Сирияға шақырылғаны және екі тараптың бейбіт келісім жасау үшін жасырын келіссөз жүргізгені жайлы ақпараттар негізсіз»,-деді.