Руханидің Иран мен Түркияның аймақтағы қауіпсіздікке қатысты заңды міндеті туралы көзқарасы
(last modified Sun, 17 Apr 2016 08:53:35 GMT )
Сәу 17, 2016 14:53 Asia/Almaty
  • Руханидің Иран мен Түркияның аймақтағы қауіпсіздікке қатысты заңды міндеті туралы көзқарасы

ИИР Президенті Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен бірге Анкарада тілшілерге берген сұхбатта аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату талпыныстарын екі елдің заңды әрі діни міндеті деп атады.

Хасан Рухани сенбі күні кешке Теһран мен Анкара арасында сегіз ынтымақтастық құжатына қол қойылғаннан кейін жақсы қауіпсіздік жағдайынан кенде қалып отырған Йемен, Сирия мен Ирактағы өзгерістерге тоқталып: "Аймақта қауіпсіздік орнатуға талпыныс жасау Түркия, Иран мен жалпы алғанда Ислам әлемінің мүдделерін қамтамасыз етеді" деді.

Руханидің айтуынша, Иран мен Түркияның кез келген елдің бөлінуін қабылдауға болмайтыны туралы қағида, қантөгіс пен соғыстың тоқтатылуы мен лаңкестікпен кесімді түрде күресу қажеттігі және шетелдік алпауыттардың аймақтық елдердің ішкі істеріне араласу хақысының болмауы туралы принциптерге қатысты пікірі ортақ.

Иран мен Түркия екі исламдық ел ретінде қауіпсіздік орнату және лаңкестікпен күресу үшін қажетті ықпал мен қабілетке ие. Иран мен Түркия аймақтық мәселелерге қатысты келіспеушіліктеріне қарамастан, кеңесулер арқылы дұшпандардың Ислам туралы әртүрлі түсініктерді теріс мақсатта пайдалануына тосқауыл бола алады.

Иран мәселелерді шешу үшін исламдық бірлік және исламдық елдермен әріптестік жасау қажеттігі туралы қағидаға берік болып, әрдайым осы жолда әрекет етіп келеді. Иранның Стамбұлда өткен Ислам Ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммитіндегі бірлік орнатушы рөлі ИИР-ның ешуақытта Ислам әлемінде алауыздық тудыруды көздемегенін көрсетті.

Ислам әлеміндегі кейбір келеңсіз қылықтар мен кейбір елдердің сионистік режимнің Исламмен жауласу қастығын қолдауына қарамастан, Иран бұрынғысынша оларға достық қолын созып, исламдық бірлік пен аймақтық елдердегі достықты нығайтуды көздеп отыр.

Қазір Түркия Ислам Ынтымақтастық ұйымының кезеңдік басшылығын қолына алып отырған жағдайда, бұдан былай мұсылман халықтардың алауыздық, лаңкестік пен әсірешілдіктен жапа шекпес үшін Ислам әлемінде бірлік тудыру саясаты күн тәртібіне қойылады деп күтілуде.

Шиіт пен сүннитке бөлінудің орнына мұсылман болу қағидасына назар аудару Ислам әлемінің бірлігі мен исламдық мазхабтардың жақындасуына кепіл бола алады. Ислам үмбеті бірліктің арқасында барлық қиыншылықтарды жеңеді. Түркияның осы аяда Ислам Ынтымақтастық ұйымының кезеңдік басшысы ретіндегі рөлі маңызды әрі ықпалды болмақ.

Ислам әлемінің қазіргі жағдайы саяси-мазхаби келіспеушіліктер үшін орын қалдырмады. Түрлі лаңкестік топтардың Таяу Шығыс аймағындағы, соның ішінде, Ирак пен Сириядағы құзыры түрлі исламдық секталардың саяси концепцияларының салдары болып табылады.

Дұшпандар Ислам әлеміндегі елдердің арасына жік салу мақсатында түрлі исламдық топтарды бір-біріне қарсы қоюға талпынуда. Осы сұм жобамен күресу Ислам Ынтымақтастық ұйымының басты мақсаттарының бірі болып отыр. Бұл мақсат Ислам әлемі аймағындағы түрлі елдердің бірлігін нығайту арқылы жүзеге асырылады. Тыныштық пен қауіпсіздікте өмір сүру мұсылман халықтардың ең басты тілегі болып табылады. Мұсылмандардың бұдан былай Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше кейбір елдердің арандатушы саясаттарының құрбаны болуына жол бермеу керек.