Сирияның Идлиб қаласында Түркия екінші ірі әскери базасын құрды
(last modified Fri, 19 Mar 2021 12:08:08 GMT )
Нау 19, 2021 18:08 Asia/Almaty
  • Сирияның Идлиб қаласында Түркия екінші ірі әскери базасын құрды

Түркия өзінің екінші ірі әскери базасын Сирияның Идлиб облысында құрды.

Баб әл-Хави шекара бекетінде құрылған бұл база Түркия-Сирия шекарасындағы түрік күштерінің негізгі базасы болады. Базада алысқа ұшатын зымыран тасығыштар, 700 бронды техника және бүкіл аумақты қамтитын радиолокациялық жүйелер бар. Түрік армиясы екі жылдан астам уақыт бұрын лаңкестермен күресті сылтауратып, Сирияның аймақтарын басып алды және осы жерлерде әлі күнге дейін бір топ түрік сарбаздары бар.

Түріктердің Сирияға жасаған әскери шабуылдары  Сирия халқы мен үкіметінің  айыптауларымен кезікті.

 

Тегтер