Зариф Ирак Премьер-министрімен кездесті
Ирак басшыларымен кеңесу үшін Бағдадқа келген ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні түстен кейін Ирак Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземимен кездесті.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Зариф осы кездесуде Ирак Премьер-министрінің ИИР қатысты екіжақты және аймақтық қатынастардағы істерді қараудағы ерекше талпынысына тоқталып, 4+1 тобы арасындағы келіссөздеріндегі Иранның соңғы өзгерістерімен таныстырып, Ирактың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын және АҚШ-тың біржақты залым санкцияларының жойылуын қолдағаны үшін алғыс айтты.
Мұстафа әл-Каземи Ирактың Иранды тек көршілес ел емес, стратегиялық серіктесі деп санайтынын қуаттап, Иранның ДАИШ-ке қарсы соғыста Иракты қолдағанына тоқталып: «Иранның бұл қолдауы ешқашан ұмытылмайды»,- деді.