Газадағы Израиль қылмыстары - исламдық елдердің және адам құқығын талап етушілердің үнсіздігінің салдары
(last modified Sat, 15 May 2021 14:16:54 GMT )
Maм 15, 2021 20:16 Asia/Almaty

Газадағы Израиль қылмыстары - исламдық елдердің және адам құқығын талап етушілердің үнсіздігінің салдары.

 

Иран Ислам Республикасы Сот жүйесі адам құқығы штабының хатшысы Әли Бақери Кани  сионистік режимнің басып алынған жерлердегі, әсіресе Газадағы реакция білдіріп, кибер кеңістігінде мәлімдеме жариялап: «Исламдық елдері ИЫҰ саммитін шақыруы үшін сионистер тағы қандай қылмыстар жасауы керек?»- деген сұрақты көтерді. Бұл тек бір сұрақ емес,   осы күндері Газа мен Құдстағы ащы шындықтар мен қайғылы оқиғаларға сілтеме. Сионистік режимнің Газа секторына қарсы  қылмыстары сөзсіз, әскери қылмыс, адамзатқа қарсы қылмыс және геноцид.

Израиль Газа секторындағы тұрғын аудандарға ең озық соғыс құралдарымен шабуыл жасауда. Газада тұрғын үйлер ішіндегі тұрғындарымен, соның ішінде балалар, әйелдер мен қарттармен қоса жойылуда. Газа секторының онша дамымаған, бірақ өмірлік маңызды инфрақұрылымы, мысалы, электр энергиясы, су, байланыс және т.б. инфрақұрылымы жермен жексен етті. Израиль режимнің қылмыстары мен халықаралық құқықты бұзу әрекеттері барлық елдерде, әсіресе исламдық елдерде осы қылмыстармен күресу үшін арнайы механизмдер құру деңгейге жетті. Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) кезектен тыс саммитін өткізу - бұл ислам үкіметтерінің езілген Палестина халқы үшін жасай алатын ең аз жұмысы. Исламдық елдер зерттеу комиссиясын құруды талап етіп, Газа секторындағы Израиль қылмыстарын құқық қорғау ұйымдары мен халықаралық қоғамдастық деңгейінде әшкерелеуі керек. Осы күндері кейбір араб елдерінің ыдырауы, сионистік режимнің реакцияшыл араб билеушілерінің қолдауына ие болуы  АҚШ пен сионистік режимнің   исламдық елдерді ислам әлемінің бірінші басымдығы болып табылатын Палестина халқының құқығын талап етуден бас тартқызғысы келетінін білдіреді. Осыған орай «Ғасыр мәмілесі» жобасы сионистік режиммен қатынасты қалыпқа келтіруге айналды.