Тель-Авивке жойқын зымырандық шабуыл жасалды
(last modified Sun, 16 May 2021 09:36:20 GMT )
Maм 16, 2021 15:36 Asia/Almaty

Палестинаның қарсыласу топтары сионистердің қылмыстарына жауап ретінде басып алынған жерлердің түрлі аудандары, соның ішінде Тель-Авивке зымырандық шабуыл жасады.

Сионистік режим қылмыстарын жалғастырып, Газадағы халықаралық тілшілер орналасқан «әл-Джалаа» медиа мұнарасына шабуыл жасағаннан кейін Тель-Авив Палестина қарсыласу күштерінің ондаған зымыранының нысанасына алынды.

Палестина қарсыласу күштері сионистік режимнің қылмыстарына жауап бермес бұрын әлемдік ақпарат құралдарына: «Камераларыңызды дайындаңыздар. Алдағы сағаттарда қарсыласу күштерінің Тель-Авивке ауыр соққы бергенін түсіресіздер»,-деп мәлімдеді.

Палестина қарсыласу күштерінің зымырандық шабуылдары барысында көзделген объектілер толықтай қиратылып, ондаған сионист қаза тапты немесе жараланды.

Құдс күштерінің қолбасшысы ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы және Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысымен телефон арқылы сұхбаттасып, аймақтағы соңғы өзгерістер мен Газадағы қақтығыстарды талқылады.  

Сардар Каани Палестина қарсыласу күштерінің сионист дұшпанға қарсы сәтті амадарын мақтап, бұл режимнің айуандық қылмыстарын айыптады.  

Сионистік режим қылмыстарының жалғасында әлемнің түрлі елдері, соның ішінде Германия, Ұлыбритания мен Франция, сондай-ақ аймақтағы басқа елдер, соның ішінде Ирак, Йемен мен Бахрейн халықтары Газа мен Құдс халқына қолдау білдіру үшін көшеге шықты.

Сионистердің Палестинаға шабуылында осы күнге дейін 139 адам, соның ішінде 39 бала мен 22 әйел қаза тапты. Сондай-ақ осы күнге дейін 700-ден аса палестиналық жараланды.