Велаяти: Палестина халқы – исламдық оянудың ту ұстаушысы
(last modified Mon, 17 May 2021 11:19:12 GMT )
Maм 17, 2021 17:19 Asia/Almaty
  • Велаяти: Палестина халқы – исламдық оянудың ту ұстаушысы

Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының бас хатшысы Палестина халқын исламдық оянудың ту ұстаушысы деп атап: "ИИР өткен 40 жыл барысында Палестина қарсыласу қозғалысын қолдауды бір сәтке де тоқтатпады және мұны жалғастыра береді",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Акбар Велаяти жексенбі күні ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен телефон арқылы сұхбатында Палестина халқы мен елдегі маңызды әрі ықпалды күш ретіндегі ХАМАС-тың жеңістері және сәттіліктерімен құттықтап, сонымен бірге бірқатар палестиналық, соның ішінде әйелдер мен балалардың қаза тапқанына көңіл айтып: "Палестина халқы жарты ғасырдан аса уақыт бойы сионистік режимнің қылмыстарына табанды қарсылық білдіріп келеді",-деді.

Исмаил Хания ИИР-на Палестина мәселесіне қатысты ұстанымы үшін алғыс айтып: "ИИР – Палестина мен Құдстың армандарын қолдап келе жатқан үздік елдердің бірі",-деді.