Газада сионистік режим құрбандарының саны артты
(last modified Tue, 18 May 2021 08:13:28 GMT )
Maм 18, 2021 14:13 Asia/Almaty

Өткен түнге дейін сионистік шабуылдарда кем дегенде 222 палестиналық қаза тапты, оның 61-і балалар мен 36-сы әйелдер.

Газа секторына тек бүгін таңертең сионистік авиация 50 рет   шабуыл жасады. Сионистердің бүгін таңертең Газаның солтүстігіне жасаған шабуылдарына жауап ретінде қарсыласу күштері жаулап алынған Палестина жерлеріне қарсы зымырандар атудың жаңа кезеңің бастады. Бірақ БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Израильдің шабуылынан Газада тұратын 38 мыңнан астам палестиналық босқынға айналды. Сионистер тіпті Қызыл Жарты Ай ғимаратын, Денсаулық сақтау министрлігін, Еңбек министрлігін, Уқаф ғимаратын және Газадағы Хан-Юнис Ислам университетін нысанаға алды.

Палестиналық босқындарға жедел көмек көрсету ұйымы (UNRWA) өкілі: «Бізге шұғыл қолдау қажет», - деді. Қақтығыс басталғаннан бері 9 күннің ішінде Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында 6000-ға жуық палестиналық жарақат алды.

Сионистік режим БАҚ-тарының мойындауынша, палестиналық қарсыласу күштері өткен аптада сионистік шабуылдарға жауап ретінде басып алынған Палестина жерлеріне 3600 ракета атты. Бұл осы режим құрылғаннан бергі ең үлкен зымырандық шабуыл.