Сирия астанасындағы лаңкестік шабуылда 8 адам қаза тапты
(last modified Tue, 09 Feb 2016 16:33:15 GMT )
Ақп 09, 2016 22:33 Asia/Almaty
  • Сирия астанасындағы лаңкестік шабуылда 8 адам қаза тапты

Сирия астанасы Дамаскте бомба қойылған автокөлік жарылуысы салдарынан кем дегенде 8 адам қаза болды.

«Sky News» хабар арнасының хабарлауы бойынша, Сирия ІІМ сейсенбі күні Сирия астанасы Дамасктің «Барзе» аймағындағы полиция орталығының маңында жарылғыш заттар орнатылған бір автокөлік жарылысы салдарынан кем дегенде 8 адамның қазаға ұшырап, 20 кісінің жараланғанын мәлімдеген.

Өткен аптада да Дамаск маңындағы «Сейде Зейнаб» аймағында бомба орнатылған бірнеше автокөлік жарылып, 71 адам қаза тауып, 100- ден астам кісі жараланған болатын.

Сирия СІМ Дамаск маңындағы «Сейде Зейнаб» аймағында орын алған лаңкестік шабуылдарға көрсеткен реакцияда «Лаңкестік шабуылдар Түркия, Сауд Арабиясы және Катар қолдап отырған лаңкестік топтар тарапынан «сириялық-сириялық» сұхбаттардың басталуы жолындағы талпыныстарды жою үшін жасалды» деп мәлімдеді.