Израиль кемесі Үнді мұхитында нысанаға алынды
(last modified Sun, 04 Jul 2021 13:03:39 GMT )
Шіл 04, 2021 19:03 Asia/Almaty

Аль-Маядин сенбі күні кешке: «Израиль компаниясына тиесілі жүк кемесі Солтүстік Үнді мұхитында белгісіз қарумен нысанаға алынды»,- деп хабарлады.

 

Жаңалықтар желісінің мәліметінше, кеме БАӘ жағалауына бет алғанға дейін Сауд Арабиясының Джидда портында зәкір тастап тұрды.  Ешбір топ әзірге шабуылды мойнына алған жоқ. Бұл соңғы бірнеше айда Израиль кемелері үшін болған екінші оқиға. 25 наурызда Танзаниядан Үндістанға бет алған израильдік компанияның жүк кемесі Арабия теңізінде апатқа ұшырады.