Бағдаттағы АҚШ елшілігінің әскери бөліміне ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасалды
(last modified Tue, 06 Jul 2021 11:02:23 GMT )
Шіл 06, 2021 17:02 Asia/Almaty

Кейбір Ирак дереккөздері сейсенбі күні таңертең Бағдадтағы АҚШ ғимараттарының маңына әуе шабуылы туралы хабарлады.

Saberin News Telegram каналы: «Жасыл аймақтағы АҚШ елшілігінің әл-Таухид базасында ескерту сиреналары естілді», - деп жазды. Дереккөз АҚШ елшілігінде орналасқан әл-Таухид үшінші базасына қатты шабуыл жасалғанына тоқталып: «CRAM жүйесі Таухид базасына жасалған қатты шабуылды тойтаруға талпынуда. Шабуылдан кейін АҚШ-тың әскери тікұшақтары Бағдадтағы елшілік кешенінің үстінен ұшып өтті»,- деп жазды.

Осы арада дүйсенбі күні кешке Ирактың Анбар облысындағы Айн-әл-Асад әуе базасы сегіз зымыранмен нысанаға алынды.