Башар Асад ант берді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i54006
Сирия Президенті Башар Асад сенбі күні Сирия парламентінің төрағасы мен мүшелерінің алдында ант берді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 17, 2021 17:26 Asia/Almaty

Сирия Президенті Башар Асад сенбі күні Сирия парламентінің төрағасы мен мүшелерінің алдында ант берді.

Башар Асад парламентте ант  бергеннен кейін: «Бостандық жолын білетін халықтар өз құқықтарын қорғаудан жалықпайды. Кейбіреулер елді бөлгісі келді, бірақ халық өздерінің бірлігімен олардың жобаларын сәтсіздікке ұшыратты. Халықтың президенттік сайлауға кеңінен қатысуы да үлкен ұлттық сана-сезімнің айғағы. Сайлау тәжірибесі үкіметке заңдылық беретін ұлт екенін дәлелдеді»,- деді.  

Башар Асад өткен айда өткен президенттік сайлауда 95 пайыздан астам дауыспен жеңіске жетті.