Сионистік режимнің Ливанмен шекараға жақын жердегі бір әскери базасында өрт шықты
(last modified Fri, 13 Aug 2021 15:35:49 GMT )
Там 13, 2021 21:35 Asia/Almaty

Иврит тіліндегі ақпарат көздері Ливанмен шекараға жақын жерде орналасқан Кирьят-Шемона қаласындағы бір әскери базада өрт шыққанын хабарлады.

«Кан» радиосының бейсенбі күні хабарлауынша, өрт «Мицпе Ади» әскери базасында оттық тұтатудың салдарынан басталып, қалашық пен орманға қарай таралған. Сионистік режим армиясы әскери базадағы сарбаздарды басқа жерге тасымалдады.