Насролла: Байден Ауғанстанда азаматтық соғыс болуын қалайды
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстанда азаматтық соғыс болуын қалайды",-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла сейсенбі күні: "Байден Талибан мен ауған күштері арасында қақтығыс тудыру арқылы Ауғанстанда азаматтық соғыс басталуын қалады",-деді.
Насролла АҚШ-тың əлі күнге дейін аймақты дұрыс түсінбей, өз қателіктерін қайталап отырғанын айтып: "АҚШ президенті өз күштерін шығарып алуға мəжбүр болды. Сөйтіп олар жеңіліс тауып, бұл елден қорлықпен кетті",-деді.
Сейіт Хасан Насролла: "Байден АҚШ-тың біреудің орнына соғысуға міндетті емес екенін айтты. Бұл - өздерінің орнына біреудің соғысуын күтетін адамдарға айқын жолдау. Аймақ халықтары мұның стратегиялық көлемін түсінуі тиіс",-деді.