Насролла: Байден Ауғанстанда азаматтық соғыс болуын қалайды
(last modified Wed, 18 Aug 2021 11:39:55 GMT )
Там 18, 2021 17:39 Asia/Almaty
  • Насролла: Байден Ауғанстанда азаматтық соғыс болуын қалайды

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстанда азаматтық соғыс болуын қалайды",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла сейсенбі күні: "Байден Талибан мен ауған күштері арасында қақтығыс тудыру арқылы Ауғанстанда азаматтық соғыс басталуын қалады",-деді. 

Насролла АҚШ-тың əлі күнге дейін аймақты дұрыс түсінбей, өз қателіктерін қайталап отырғанын айтып: "АҚШ президенті өз күштерін шығарып алуға мəжбүр болды. Сөйтіп олар жеңіліс тауып, бұл елден қорлықпен кетті",-деді. 

Сейіт Хасан Насролла: "Байден АҚШ-тың біреудің орнына соғысуға міндетті емес екенін айтты. Бұл - өздерінің орнына біреудің соғысуын күтетін адамдарға айқын жолдау. Аймақ халықтары мұның стратегиялық көлемін түсінуі тиіс",-деді.