Амир Абдуллахиан: Иран Ирактың тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігінің сақталуын қалайды
(last modified Sun, 29 Aug 2021 11:32:58 GMT )
Там 29, 2021 17:32 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Теһран Ирактың тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігінің сақталуын қолдайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні «Аймақ елдерінің Иракты қолдауы» атты отырыста: «Жаңа Ирак қазір қайта жөндеуді, аймақтық қарым-қатынасты жақсартуды қажет етеді. Аймақ елдері қатысып жатқан бұл отырыс Ирактың аймақ елдері арасында әріптестік пен әрекеттестікке жағдай жасауға талпынып жатқанын көрсетеді. Осындай отырыстардың нәтижесінде абадтандырылған, дамыған әрі азат аймаққа қол жеткіземіз деп үміттенемін»,-деді.

Амир Абдуллахиан: «ИИР Ирак үкіметі мен халқының ішкі істерде қабылдаған шешімдерін, соның ішінде бөгде елдердің күштерін елден шығару, мерзімінен бұрын сайлау өткізуін қолдайды, осы елдің аймақта келіссөз бен әріптестік мәдениетін таратудағы сындарлы рөлін бағалайды және аймақішілік ынтымақтастықты тұрақтылық пен бейбітшілікке жетудің басты жолы санайды. Иран аймақ елдерінің маңызды рөлін баса айтып, осы мақсаттарды ілгерілетуге дайын екенін жариялайды»,-деді.