Бағдад отырысының қорытынды мәлімдемесі
Мысыр, Иран, Сауд Арабиясы, Иордания, Катар, БАӘ, Кувейт, Түркия және Франция сияқты 9 елдің қатысуымен өткен Бағдад отырысы өзінің қорытынды мәлімдемесінде: «Бұл отырыстың өткізілуі Ирактың өз сыртқы саясатында теңгерілген саясат пен оңды әріптестікті ұстанып отырғанын көрсетеді»,-деді.
Әл-Аһд ақпарат сайтының сенбі күні хабарлауынша, осы отырысқа қатысушылар Ирак үкіметінің ел органдарын нығайтудағы талпыныстарына қолдау білдірді.
Осы мәлімдеме: «Қатысушылар ортақ түйткілдердің барын біледі. Ортақ мүдделер мен қауіпсіздікті сақтай отырып, оларды шешуге болады»,-делінген.
Қатысушылар бұл отырыста Ирактың елде қайта жөндеу жұмыстарын жасау, қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды қалпына келтіру жолындағы талпыныстарына қолдау білдірілді.
Сондай-ақ қорытынды мәлімдемеге сәйкес отырысқа қатысушылар сәтті тәжірибемен алмасу арқылы коронавируспен күрес жолындағы әріптестікті жалғастыру қажеттігін баса айтты.