Амир Абдуллахиан: Ливанға жанармай сатуға және жеткізіп беруге дайынбыз
Иран Сыртқы істер министрі Теһран үкіметімен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ешқандай шектеулердің жоғын айтып: «Егер Ливан үкіметі мен кәсіпкерлеріне жанармай қажет болса, Иран оларға бұл өнімді сатып, жеткізіп бере алады»,-деді.
Амир Абдуллахиан Джебран Басильмен телефон арқылы сұхбатында: «Иран Ливанда сионистер тудырған ауыр дағдарысты шешуге дайын»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Теһран үкіметінің Ливан үкіметі, армиясы мен қарсыласу қозғалысын қолдауды жалғастыратынын айтты.
Ливанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джебран Басиль өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін Ливан халқын аштыққа ұшыратуды көздейтін адамдардың саясатын сынап, Теһранмен қарым-қатынасты жан-жақты кеңейтуді қалайтынын білдірді.