Сионистік режим палестиналықтардың ең мықты түрмеден қашқанына алаңдаулы
(last modified Wed, 08 Sep 2021 15:58:45 GMT )
Қыр 08, 2021 21:58 Asia/Almaty
  • Сионистік режим палестиналықтардың ең мықты түрмеден қашқанына алаңдаулы

6 палестиналық тұтқынның басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі Бисан ауданында сионистік режимнің ең мықты Джалбу түрмесінен сәтті қашуы ақпарат құралдары мен аймақ халқымен қоса, сионистік режимнің басшыларын есеңгіретіп тастады.

Олар осы мәселеге қатысты әлі күнге дейін қарама-қайшы пікірлер айтып жатыр. Бұл олардың сергелдеңге түскенін көрсетеді.

Сионистік режимнің барлау және қауіпсіздік органдарына тағы бір ауыр соққы болып саналатын осы сәтті операция туралы бірнеше жайтты айта кету керек:  Біріншіден, операциядан екі күн өтсе де, сионистік режим әлі есін жиған жоқ. Әлі күнге дейін палестиналық тұтқындардың ең мықты түрмеден қалай шыққанын түсіне алмай отыр. Өйткені сионистік ақпарат көздері бұл оқиғаға қатысты бір-біріне қайшы мағлұматтар беруде.   

Екіншіден, сионистік режим өзінің БАҚ өкілдерінің көмегімен осы ірі тарихи жеңілісті бүркемелеуді көздеп отыр. Сол себепті оған қатысты түрлі ақпараттар таратып жатыр. Бұған қарамастан, осы режимнің кейбір ақпарат құралдары қауіпсіздік басшыларына сілтеме жасап, осы оқиғада режимнің ауыр жеңіліс тапқанын мойындады.

Үшіншіден, палестиналық тұтқындар сионистік режимнің түрмелері мен қауіпсіздік  ұйымдарының құпия карталарын қолға түсірген. «Гаарец» газетінің бір қауіпсіздік басшысына сілтеме жасап жазуынша,  бір түрме ғимараты картасының таралуы түрмелер ісі жөніндегі басқарма үшін үлкен жеңіліс саналады.

Төртіншіден, Израиль Премьер-министрі Нафтали Беннет пен Сыртқы істер министрі Яир Лапидтің бірлескен кабинеті қазір басқа кезден көбірек ыдырау алдында тұр.

Бесіншіден, осындай стильде таңғажайып операцияның жүзеге асырылуы аймақ халықтары, әсіресе Палестина халқы үшін сионистік режимнің қауіпсіздік  органдарының қарым-қабілеті туралы уәждерінің жалған екенін дәлелдейді. Бұл режим қауіпсіздік саласында әлсіздікке толы. Палестиналықтар олардың құрылымына ауыр соққы беріп, оны қатты әлсірете алады.