Амир Абдуллахиан Ливанда Хезболланың Бас хатшысымен кездесті
(last modified Fri, 08 Oct 2021 11:21:28 GMT )
Қаз 08, 2021 17:21 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Ливанда Хезболланың Бас хатшысымен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Ливан Хезболласының Бас хатшысымен кездесіп, Ливан мен аймақтағы соңғы саяси оқиғаларды талқылады.

 

IRNA-ның жұма күнгі мәліметінше, Хұсейн Амир Абдуллахиан  Сейед Хасан Насралламен  кездесуінде Иранның Ливанға қатысты ұстанымының тұрақтылығына және барлық салада қолдауына тоқталды.

Ливанның Хезболла  ұйымының бас хатшысы Сейед Хасан Насралла Иранның өзінің достарын жалғыз қалдырмайтын адал одақтас және адал дос екенін дәлелдегеніне назар аудартып, ондаған жылдар бойы Ливан үкіметі мен халқын және қарсылығын қолдағаны үшін ИИР-на алғыс айтты. Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні таңертең Иран Сыртқы істер министрі ретіндегі алғашқы сапарымен Ливанға келді. Ол Ливан Президенті Мишель Аун, Парламент спикері Набих Берри, Премьер-министрі Наджиб Микати және Сыртқы істер министрі Абдулла Бу Хабиб сияқты жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, екіжақты және аймақтық мәселелерді талқылады.