Джабхат ан-Нусра лаңкестері Идлиб маңында химиялық шабуылға дайындалып жатыр
(last modified 2021-10-08T13:17:28+00:00 )
Қаз 08, 2021 19:17 Asia/Almaty
  • Джабхат ан-Нусра лаңкестері Идлиб маңында химиялық шабуылға дайындалып жатыр

Сириядағы Хмеймим базасындағы Ресейдің татуласу орталығы басшысының орынбасары Джабхат ан-Нусра лаңкестерінің «Ақ касканың» ынтымақтастығымен Идлиб маңында химиялық шабуылға дайындалып жатқаны туралы хабарлады.

 

Sana ақпараттық агенттігінің жұма күнгі мәліметінше, Фадим Колит: «Сирияның Идлиб облысындағы Джабхат ан-Нусраның лаңкестері «Ақ каскамен» бірлесе отырып Кансафра мен Кдура қалаларында химиялық шабуыл жасауға дайындалып жатыр. Сенімді ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл лаңкестер Сирия армиясын бейбіт тұрғындарға қарсы улы заттарды қолданды деп айыптау үшін видео түсіруге талпынуда»,- деді.  

 

Тегтер