Ливанның жауапты тұлғасы: Иранның жанармайы Ливанның ауыл шаруашылығын құлдыраудан құтқарды
(last modified Sun, 17 Oct 2021 13:11:29 GMT )
Қаз 17, 2021 19:11 Asia/Almaty
  • Ливанның жауапты тұлғасы: Иранның жанармайы Ливанның ауыл шаруашылығын құлдыраудан құтқарды

Ливанның əл-Бақа ауданының диқандары мен малшылары ұйымының басшысы Ибраһим Таршиши: "Иранның жанармайы Ливанның ауыл шаруашылығын түбегейлі құлдыраудан құтқарды",-деді.

Ливанның жауапты тұлғасы елдегі жанар-жағармай тапшылығына тоқталып: "Ливан егіншілері осы маңызды тауарды сатып ала алмады. Сол себепті егіншілер бұл аймақтан кетті",-деді.

Ливан АҚШ санкциялары салдарынан бір жарым жылдан бері  ауыр экономикалық жағдайға, соның ішінде жанармай тапшылығына ұшырады.

Хизбулла қозғалысы Ливандағы жанармай дағдарысын шешу үшін Ираннан көмек сұрады.