Сирияда əскери автобустың жолында жарылыс болып, 14 адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i56048
Ақпарат көздері Дамаскта Сирия армиясына тиесілі əскери автобустың жолында жарылыс болып, 14 адам қаза тапқанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 20, 2021 19:02 Asia/Almaty

Ақпарат көздері Дамаскта Сирия армиясына тиесілі əскери автобустың жолында жарылыс болып, 14 адам қаза тапқанын хабарлады.

САНА ақпарат агенттігінің сəрсенбі күні хабарлауынша, Сирия астанасы Дамаскта əр-Раис көпірінің астынан əскери автобус өтіп бара жатқанда жарылыс болды.Жарылыстың себебі - автобус жолына қойылған екі бомба.

Осы мəлімет бойынша саперлер жол бойына қойылған үшінші бомбаны залалсыздандырды.

Медициналық дереккөздері жарылыста 14 адам қаза тауып, 3 адам жараланғанын айтты.Əлі ешбір тарап жарылысқа жауапкершілік алмады.