Башар Асад: Қарсыласатын елдер аман қалып, нығая түседі
(last modified Thu, 28 Oct 2021 14:38:41 GMT )
Қаз 28, 2021 20:38 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Қарсыласатын елдер аман қалып, нығая түседі

Сирия Президенті: "Табандылық пен қарсылық жолын ұстанған елдер əлемде өз орнын табады",-деді.

Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Башар Асад сəрсенбі күні Дамасктағы Жоғары əскери институтта сөз сөйлеп: "АҚШ-тың көзқарасы бойынша, соғыс доллар деген мағына береді. Бұл доллар АҚШ компанияларының мүддесіне жұмыс істейді. Сондықтан АҚШ Вьетнам, Ирак пен Ауғанстанда жеңіліске ұшырағаннан кейін бұдан да зор қылмыстар жасап, есесіне одан да зор жеңілістерге ұшырайды деп күтуімізге болады. Сөйтіп өмір өз жолымен дөңгелей береді",-деді.

Башар Асад: "Сирияға қарсы соғыс осы ел армиясының абыройына соққы беру үшін жасалды, бірақ жеңіліс тапты. Лаңкестер алдымен жетістіктерге жетті, бірақ артынан ойсырай жеңілді. Бұған офицерлер мен əскерилердің жəне Сирия халқының қырағылығы себеп болды",-деді.