Шамхани Ирак Премьер-министріне жасалған қастандыққа реакция білдірді
Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жексенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Ирактың Премьер-министріне жасалған қастандық – жаңа іріткі. Оның ізін шетелдік барлау қызметтерінен іздеу керек. Олар бірнеше жыл бұрын Иракты басып алып, лаңкестік топтар құрып, оларға қолдау білдіру арқылы осы елге тынышсыздық, қайшылық пен тұрақсыздық әкелді",-деп жазды.
Ирактың қауіпсіздік саласындағы ақпараттық тобы жексенбі күні таңертең мәлімдеме жасап: "Бағдаттың жасыл аймағында бомба қойылған дронмен Әл-Каземидің үйіне жасалған шабуыл жеңіліске ұшырады",-деп хабарлады.
Ирак Премьер-министрі Твиттердегі жеке парақшасында: "Жағдайым жақсы. Халық арасына шығып жүрмін. Баршаңызды тыныштық сақтап, ұстамды болуға шақырамын",-деді.