Амир Абдуллахиан Ирак Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қар 07, 2021 22:29 Asia/Almaty
Ирак Премьер-министріне қастандық жасалғаннан кейін Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан бүгін, жексенбі күні өзінің ирактық әріптесі Фуад Хұсейнмен телефон арқылы сұхбаттасып, ИИР Президенті Ибраһим Раисидің Мұстафа әл-Каземиге сәлемін жеткізіп, оның аман-сау қалғанына қуаныш білдірді.
Iran Press арнасының хабарлауынша, осы сұхбатта Амир Абдуллахиан мұндай оқиғалардың Ирактың тыныштығы, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын бұзуды көздейтін адамдар тарапынан жасалып отырғанын айтты.
Осы сұхбатта Фуад Хұсейн ИИР Президенті мен Сыртқы істер министрінің алаңдағанына ризашылық білдіріп, осы оқиғаға қатысты соңғы жағдайды баяндап, Мұстафа әл-Каземидің атынан Иран президентіне алғыс айтты.
Тегтер