Сионистік режимнің салық саласындағы консалтингтік компанияларына хакерлік шабуыл жасалды
Израильдің "Иерусалим Пост" газетінің жексенбі күні хабарлауынша, "Мұса асасы" атты хакерлік топ осы режимнің салық саласындағы консалтингтік компанияларына шабуыл жасап, олардың мағлұматтарын жайып салды.
Бұл хакерлік топ осы компаниялардың жеке мағлұматтары мен клиенттерінің қаржы есептерін жариялай бастады.
Өткен аптада да бұл топ сионистік режимнің бірнеше кешені мен инфрақұрылымына хакерлік шабуыл жасап, олардың мағлұмат базасын қолға түсірген.
"Мұса асасы" хакерлік тобы сионистік режимнің үш ірі инженерлік компаниясына кибершабуыл жасап, олардың мағлұматтарын қолға түсірді. Мағлұматтар қатарында жобалар, карталар, келісімшарттар, суреттер, хаттар мен бейнеконференциялардың таспалары бар.