Израильге кибершабуыл жасалды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i56700-Израильге_кибершабуыл_жасалды
Жуырда басып алынған Палестинадағы орталықтарға кибершабуылдар жасаған «Мұса асасы» хакерлік тобы жаңа видео таратып, сионистік режимді тағы да қапы қалдырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 16, 2021 03:47 Asia/Almaty

Жуырда басып алынған Палестинадағы орталықтарға кибершабуылдар жасаған «Мұса асасы» хакерлік тобы жаңа видео таратып, сионистік режимді тағы да қапы қалдырды.

«Әл-Мадан» агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, «Мұса асасы» хакерлік тобы тарапынан тараған фильмде сионистік режимнің маңызды нысандарының суреттері мен жобалары көрсетілген. Бұл суреттер – жуырда сионистік режимнің киберлік инфрақұрылымдарын бұзып кіргеннен кейін қолға түскен суреттердің нақты үлгісі екені анықталды. Бұл Тель-Авивтің кибер қауіпсіздігі үшін бір жеңіліс саналады.

«Мұса асасы» хакерлік тобы 6 қарашада да Израиль компанияларының қауіпсіздік серверлеріне шабуыл жасап, куәлік, адвокаттық кеңселердің қағаздары, чектер, қаржы есептері және басқа құжаттарды жария етті.