Сионистердің әл-Исавияға шабуылында 13 палестиналық жарақат алды
Сионистік режимнің әскерилері басып алынған Құдстағы әл-Исавия қалашығына баса көктеп кіріп, 13 палестиналықты қатты жарақаттады.
Әл-Аһд ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, сионистік әскерилер әл-Исавияға баса көктеп кіріп, палестиналық азаматтармен қақтығысты.
Сейсенбі күні таңертең де палестиналық азамат Саддам Хұсейн Бани Уде Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігіндегі Тубаста болған қақтығыста сионистік әскерилердің оғына ұшып, қаза тапты.
Бұдан бұрын Палестина қарсыласу топтарының ортақ палатасы мәлімдеме жасап, сионистік режимнің басып алынған Құдс мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соңғы қылмыстарын қатты айыптап: "Бұл режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарына ауыр соққы берілетін болады",-деді.