Хамас басып алынған Құдста екі палестиналық жігіттің сионистерге қарсы әрекетіне реакция білдірді
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) баспасөз өкілі: «Екі палестиналық жігіттің сионистерге қарсы әрекеті – сионистік режимнің басып алынған Құдста жасаған қылмыстарына табиғи жауап»,-деді.
SAMA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдуллатиф әл-Қану бүгін, жексенбі басып алынған Құдста екі палестиналық жігіттің сионистерге қарсы әрекетіне реакция білдіріп: «Мұндай амалдар Палестина халқының сионистік басқыншыларға қарсы революциясының жалғасып жатқанын және басқыншылардың палестиналықтарды жеңуге қауқары жетпейтінін көрсетеді»,-деді.
«Құдс» палестиналық арнасының хабарлауынша, екі адамның әл-Ақса мешітінің жанында жасаған әрекетінен кейін 4 сионистік әскери зақымданды. Олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, өліп кетуі мүмкін деп айтылады.
Мәліметтерге сәйкес, «Бейтулмұқаддас» амалын орындаған екі палестиналықтың бірі сионистердің оғынан көз жұмса, екіншісі оқиға орнынан қашып үлгерді.